Бонустық бағдарлама қағидасы
Жеке тұлғалардың бейілділік бағдарламасына қатысу ережесі – «Лидер» супермаркеттер желісі тұтынушыларына арналған
- Жалпы ережелер
1.1. Осы Ережелер «Лидер» бейілділік бағдарламасына қатысудың шарттары мен тәртібін (бұдан әрі «Лидер») анықтайды. «Лидер» бағдарламасында тіркелген сәттен бастап, Қатысушы Оператормен қарым-қатынас жасайды, осы Ережені толығымен қабылдап, оларды орындауға міндеттеледі және осы Ережелерге сәйкес айырықша құқыққа ие болады. Ережелер Оператордың сайтында, Мобильді қосымшасында, сондай-ақ Оператордың қалауы бойынша басқа да дереккөздерде орналастырылады.
1.2. «Лидер» бағдарламасы Қазақстан Республикасының аумағындағы «Лидер» бөлшек сауда желісінің супермаркеттерінде (бұдан әрі «Лидер» супермаркеттері) жұмыс істейді. «Лидер» супермаркеттері мекенжайларының толық тізімі ресми сайтта жарияланған.
1.3. «Лидер» бағдарламасы іске қосылған кезден бастап және Оператордың шешімі бойынша толығымен күші жойылғанға дейін әрекет етеді.
- Терминдер мен анықтамалар
Науқан – Қатысушылардың «Лидер» Бағдарламаға деген ниеттілігін қалыптастыру мен арттыру мақсатында белгілі бір уақыт кезеңіне және/немесе науқанның аумағына және/немесе Қатысушылардың тізіміне бағытталған маркетингтік іс-шара. Науқанды ұйымдастыру мен өткізудің бастамашы – Оператор.
Сауалнама – Ережеде көзделген тәртіппен «Лидер» бағдарламасында тіркелу кезінде тұтынушы енгізген «Лидер» бағдарламасының қатысушысы болғысы келетін Тұтынушы туралы ақпарат.
Бонустық ұпайлар (әрі қарай ұпайлар) – Ұпайларды есептеу үшін негіз болып табылатын Бағдарлама Қағидаларына сәйкес Қатысушының Оператордан сатып алынған тауар үшін, сонымен қатар, Қатысушы Оператор өзі белгілеген өзге де шарттарды орындаған кезде Қатысушының Бонустық шотына аударылатын есептік бонустық бірлік. Есептелген ұпайлар сомасы Қатысушыға Оператордан сатып алынатын тауарларға жеңілдік алуға, сондай-ақ басқа да айрықша құқыққа ие болу үшін пайдаланылуы мүмкін.
Бонустық шот – осы Ережеге сәйкес тіркелу кезінде Қатысушының атынан ақпараттық жүйеде Оператор ашқан жеке шот, Қатысушының Бонустық Картаны пайдалана отырып жасалған барлық транзакциялар туралы ақпараттары ескеріледі. Бонустық шот ұпаймен есептелінеді. Ережелерге сәйкес ұпайлар Бонустық шотқа аударылады және де Бонустық Карта арқылы Оператордан тауар сатып алған кезде Бонустық шотынан ұпайлар есептен шығарылады. Қатысушыда тек бір ғана Бонустық шот бола алады.
«Лидер» бағдарламасының тікелей жедел желісі (бұдан әрі Жедел желі) – «Лидер» бағдарламасының тікелей қолдау орталығы, Оператордың ұйымдастыруымен желі арқылы Қатысушыларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетеді. Жұмыс уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында 9:00-19:00 дейін: 8 (7122) 755-000.
Қатысушының картасы («Карта») – Қатысушыны «Лидер» Бағдарламасы бойынша сәйкестендіруге арналған, оның ішінде Қатысушы жасаған ұпайлардың есептелуі/есептен шығарылуы жайлы барлық транзакциялары туралы, Қатысушының Бонустық Шотының нөмірі туралы ақпаратты қамтитын, «Лидер» Бағдарламасы бойынша Оператор шығарған Қатысушының жеке карточкасы. Карта Қатысушыға «Лидер» Бағдарламасы аясындаОператордан осы Ережелерге сәйкес ұпайларды жинауға/есептен шығаруға, сондай-ақ осы Ережелерге сәйкес айрықша құқықтарды алуға мүмкіндік береді.
«Лидер» Бағдарламасы бойынша Қатысушы Карталарының түрлері:
Пластикалық карта – «Лидер» супермаркеттерінде сатылатын пластикалық карта.
Виртуалды карта – Тұтынушының Мобильді қосымшада тіркеген электронды
картасы.
Тұтынушы – Бағдарламаға тіркелуді бастамаған/аяқтамаған, Картаның ұстаушысы болып келетін жеке тұлға.
Жеке кабинет – Қатысушының бонустық Шотының балансы, Қатысушының Карта арқылы жасаған аударымдары және де дербес науқандар мен жеңілдіктер туралы Қатысушының ақпаратын қамтитын Оператордың Сайтында, сонымен қатар Мобильді қосымшасында көрсетілетін Қатысушының жеке парақшасы.
«Лидер» Мобильді қосымшасы (әрі қарай – Мобильді қосымша) – IOS және Android платформаларына негізделген мобильді құрылғыда (смартфон, планшет және т.б.) орнатылған «Лидер» бағдарламалық жасақтамасы, мобильді құрылғының жұмысына арналған деректер мен командалар жиынтығынан құралған.
Мобильдік қосымшаны пайдалану арқылы, Қатысушы Мобильдік қосымшаның функционалдық мүмкіндіктері бойынша қарастырылған әрекеттерді орындай алады, соның ішінде:
- Картаны тіркеу;
- Картаны бұғаттау;
- Бонустық шоттың балансын қарау;
- Тіркеу кезінде Қатысушы енгізген жеке ақпаратты көру және өзгерту;
- Виртуалды картаны тіркеу;
- Транзакцияларды жасау кезінде «Лидер» супермаркетінің кассаларында Виртуалды картаның штрих-кодын пайдалану;
- Транзакциялар туралы ақпараттарды қарау;
- «Лидер» Супермаркеттеріндегі акцияларды көру;
- «Лидер» Супермаркеттерінің мекенжайларын көру;
Оператор – бұл«Лидер» Бағдарламасын басқару мен дамытуда айрықша құқықтарға ие, «Лидер»Бағдарламасының Қатысушыларына Ережеде көзделген айрықша құқықтардың берілуін қамтамасыз ететін «Идеал Маркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (РНН150100239640, БИН 050840002162, заңды мекен-жайы: Атырау қ., С.Датов көшесі, 203)
Айырықша құқықтар – Оператордан қаржылай немесе қаржылай емес жеңілдіктермен тауарды сатып алу мүмкіндігі. Айырықша құқықтаржеңілдіктердің кейінге қалдырылған дисконт әдісі арқылы беріледі – Бағдарлама ережелеріне сәйкес Оператордан тауарларды сатып алғаны үшін Қатысушының Бонустық шотына ұпайларды есептеу және осы Ережеге сәйкес Оператордан тауарларды сатып алған кезде жинақталған ұпайларды Қатысушысының есебінен шығару.
Оператор Сайты (әрі қарай – Сайт) – www.leader-stores.kz мекенжайы бойынша орналасқан интернет-сайт («Бейілділік бағдарламасы» бөлімі)
Транзакция – Ережелерге сәйкес, ұпайларды Қатысушының Бонус шотына есептеу немесе Қатысушының Бонустық шотынан ұпайларды есептен шығару үшін негіз болатын, Қатысушының Картаны пайдалана отырып орындаған операциялары.
Хабарлама – Қатысушыға бір немесе бірнеше байланыс құралдары (әдістері): ұялы телефон, сауалнамада көрсетілген электронды пошта, пошталық мекенжай арқылы немесе басқа тәсілмен жіберілетін жарнамалық мазмұндағы ақпаратты қоса алғандағы ақпараттар.
Қатысушы – Осы Ережелерге сәйкес «Лидер» Бағдарламасына тіркелген, кез-келген Карта Ұстаушысы болып табылатын Тұтынушы.
«Лидер» бейілділік Бағдарламасына тіркелу
3.1. «Лидер» Бағдарламасына қатысу ерікті болып саналады. «Лидер» бағдарламасына тіркелу кезінде 18 (он сегіз) жасқа толған кез келген Тұтынушы Бағдарлама Қатысушысы бола алады.
3.2. «Лидер» бағдарламасына қатысу үшін пластикалық картаны сатып алу қажет немесе Мобильді қосымшада Виртуалды картаны іске қосады, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес «Лидер» бағдарламасына тіркелуге тиіссіз.
3.3. Пластикалық картаны «Лидер» супермаркетінің кассасынансатып алуға болады, Картаның құны Оператордың баға тізімі бойынша анықталады немесе Оператордан 3000 (үш мың) не одан да көп сомада сауда жасаған сәтте тегін беріледі. Карта Қатысушының жеке меншігі болып саналады.
3.4. Осы Ережеге сәйкес «Лидер» Бағдарламасына тіркелгеннен кейін мобильдік қосымшада Виртуалды Картаны рәсімдей аласыз.
3.5. «Лидер» супермаркеттерінде тауарлар сатып алу, сондай-ақ Оператордан өзге артықшылықтар алу кезінде ұпайларды есептен шығара алу үшін Карта иесі «Лидер» бағдарламасының қатысушысы болуға және Картаны келесі жолдардың бірімен тіркеуге тиіс:
3.5.1. «Тіркеу» бөлімінде Сауалнаманы толтыру және «Лидер» Бағдарламасының Ережесін толық, сөзсіз қабылдауды растай отырып, Сайттың немесе Мобильді қосымшаның Жеке кабинетінде «Тіркеу» батырмасына тиісті белгі қою және басу арқылы. Жоғарыда көрсетілген әрекеттерді орындағаннан кейін,Тұтынушы Сауалнамада көрсеткен ұялы телефон нөміріне жіберілген SMS-хабарламадағы тіркеу кодын Тұтынушының Жеке кабинетіндегі сәйкес өріске енгізіп, «Жалғастыру» тетігін басу керек. Осы тармақта көзделген барлық іс-әрекеттерді аяқтағаннан кейін, Тұтынушы «Лидер» бағдарламасының тіркелген Қатысушысы болып саналады және оған Бонустық шотының нөмірі тағайындалады;
3.5.2. «Лидер» супермаркеттерінде Қатысушының сауалнамасын қағаз формасында толтырып, «Лидер» Бағдарламасының Ережесін толық, сөзсіз қабылдағанын растай отырып, Сауалнаманың тиісті саласына қол қою арқылы.
3.6. Қатысушы осы Ережеде көзделген тәсілдердің бірі арқылы «Лидер» бағдарламасынатіркелген кезде Операторға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Іскерлік Кодексінің 165-бабының мәні бойынша жататын тұлғаларға келісім береді:
3.6.1. «Лидер» бағдарламасында тіркелу кезінде Қатысушының көрсеткен барлық дербес деректерін өңдеуді және/немесе автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып, жинау, есепке алу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), өндіру, пайдалану, беру, иесіздендіру, бұғаттау, жою, тоқтату, сондай-ақ Қатысушы шығарған сатып алу туралы ақпарат, олардың сомасы, әдісі мен құралдары Қатысушыны ақпаратпен (жарнамамен) қамтамасыз ету мүмкіндігімен байланысты мақсаттар үшін төлеу, Қатысушы үшін қызығушылық тудыратын, сондай-ақ Ережелерде қарастырылған жеңілдіктерді қамтамасыз ету, сондай-ақ статистикалық ақпаратты және маркетингтік зерттеулерде өңдеуді қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ, Қатысушыға қызығушылық танытатын жеке ұсыныстары туралы тауарлар мен/немесе қызметтер туралы, соның ішінде осы зерттеулердің нәтижелерін коммерциялық пайдалану мүмкіндігіне;
3.6.2. Қатысушының «Лидер» бағдарламасына тіркелу кезінде, соның ішінде Сауалнамада көрсеткен барлық жеке деректерін өзге тұлғаларға, жоғарыда аталған мақсаттарға байланысты өңдеуде және пайдалануда қамтамасыз ету және жеке деректердің дұрыстығы, дәлдігі мен толықтығын растайды.
3.6.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке деректерді өңдеу және Қатысушы шектеусіз мерзімде кез-келген құқықтық тәртіпте, соның ішінде жеке деректердің ақпараттық жүйелерінде қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының өтініші бойынша жеке деректерді беру туралы келісімі негізде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Келісімді кері қайтару Операторға Қатысушыдан Атырау қ., М.Исенов көшесі, 52 «ЖШС» Идеал Маркет мекенжайы бойынша пошта арқылы жазбаша өтініш жіберу негізінде жүзеге асады.
3.7. «Лидер» Бағдарламасының Картасы Қатысушының жеке меншігі болып табылады.
3.8. «Лидер» Бағдарламасының Пластикалық және Виртуальді Карталарының мерзімі шексіз.
4. Ұпайларды есептеу
4.1. Ұпайлар «Лидер» Бағдарламасының Ережелеріне сәйкес Картаны пайдалана отырып, тауарларды сатып алуы кезінде, сондай-ақ Қатысушы Оператормен анықталған өзге де шарттарды орындаған кезде Қатысушының Бонус шотына есептеледі.
4.2. Ұпайлар тауарларға қолма-қол ақша немесе банктік картамен төлеу кезінде есептеледі.
4.3. «Лидер» бағдарламасының ережелеріне сәйкес Оператор өткізетін Науқандарнегізінде Қатысушының Бонустық шотына қосымша ұпайлар есептелуі мүмкін. Оператор Науқан шарттарын, оның ішінде Қатысушының Бонустық шотына есептелген акцияның шарттарына сәйкес тауарлардың тізбесі және қосымша ұпайлар санын өз бетінше анықтайды. Қосымша Ұпайларды есептеуді қарастыратын Науқандар мен олардың өткізілу ережелері жайлы Қатысушыларды хабардар ету әдісін Оператор өз бетінше анықтайды. Қосымша ұпайлар осы ережелердің 4.6.1және 4.6.2.-тармақта көзделген ұпайлардың мөлшерінен жоғары беріледі.
4.4. «Лидер» супермаркетінде тауарларды сатып алғаны үшін Қатысушыға Ұпайларды есептеу үшін, сатып алу ақысы төленгенге дейін (қолма-қол ақшаны алу аяқталғанша) Қатысушы Картаны сатушыға ұсынуы тиіс.
4.5. Оператор «Лидер» супермаркеттерінде тауарларды сатып аларда ұпайларды/қосымша ұпайларды есептеу ережелерін өз бетінше анықтайды.
4.6. «Лидер» супермаркетінде тауарларды сатып алғаны үшін есептелінетін негізгі ұпайлар көлемі:
4.6.1.–Бағасы 2 999 (екі мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз) теңгеге дейін бір жолғы сатып алудағы толық әр 100 (жүз) теңге (түбіртек бойынша) үшін 5 (бес) ұпай;
– Бағасы 3000 (үш мың) теңгедегі бір жолғы сатып алудағы толық әр 100 (жүз) теңге (түбіртек бойынша) үшін 10 (он) ұпай.
4.6.2. Бір күнтізбелік айда 35 000 (отыз бес мың) және одан көп теңгелік сомада тауар сатып алған кезде, келесі күнтізбелік ай бойынша Ұпайлардың есептелуі келесідей жүреді:
–Бағасы 2 999 (екі мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз) теңгеге дейін бір жолғы сатып алудағы толықәр 100 (жүз) теңге (түбіртек бойынша) үшін 10 (он) ұпай;
– Бағасы 3000 (үш мың)теңгедегі бір жолғы сатып алудағы толық әр 100 (жүз) теңге (түбіртек бойынша) үшін 15 (он бес) ұпай.
4.7. Ұйымдастырушы жоғарыда көрсетілген кез-келген тәсілдердің бірімен Картаны тіркегеннен кейін Қатысушының Бонустық шотына бір реттен/бір реттік негізде 500 (бес жүз) ұпай аударады.
4.8. Ұйымдастырушы Қатысушының туған күніне дейін 2 (екі) күн бұрын, оның туған күнінде және Қатысушының туған күнінен кейін 2 (екі) күн ішінде (Сауалнаманы толтырған кезде «Туған күн» деген бағанда Қатысушы көрсеткен ақпаратқа сәйкес) Ұпайлар осы Ереженің 4.6-тармағында қарастырылған ұпай көлемінен екі есе мөлшерде есептелінеді.
4.9. Оператордың Қатысушының Бонустық шотына ұпайларды есептеу жөніндегі міндеттемесін растайтын құжат – бұл сатып алу фактісін растайтын, оның ішінде сатып алу күні, сомасы, сатып алу орны, Картаның нөмірі туралы фискальды емес есеп беретін (Картаны пайдалану арқылы шығарылған) кассалық түбіртек.
4.10. Егер Қатысушы жеңілдік алу үшін ұпайларды пайдаланып тауарды сатып алуды жүзеге асырса, ұпайлар осы Ережелерге сәйкес, қолма-қол ақшамен (қолма-қол ақшамен немесе несие картасымен) сатып алынған тауар сомасына ғана есептеледі.
4.11. Қазақстан Республикасының халықтық денсаулық және денсаулық сақтау жүйесі туралы заңдарында және Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңында көзделген ережелерге сәйкес, халықты темекі шегу мен алкогольдік тәуелділіктің, сондай-ақ әлеуметтік, экологиялық және экономикалық зардаптардың теріс салдарынан қорғау мақсатында темекі өнімдері, этил спирті мен алкоголь өнімдерін сатып алу кезінде Ұпайлар есептелмейді.
4.12. Ұпайлар Қатысушының Бонустық Шотына тек бір «Лидер» супермаркетінде картаны ұсына отырып, тәулігіне алғашқы 5 (бес) түбіртек үшін есептеледі. Қатысушы 1 (бір) күн ішінде және сол «Лидер» супермаркетінде жасаған 6 (алтыншы) және әрбір кейінгі сатып алулары үшін Қатысушының Бонустық есебіне Ұпайлар есептелмейді.
4.13. Қатысушы Карта мен сыйлық сертификатын сатып алған кезде ұпайлар берілмейді.
4.14. Қатысушының «Лидер» Бағдарламасына қатысуына орай берілетін ұпайлары мен құқықтары сатылуға, үшінші тұлғаға тағайындалуға, берілуге немесе осы Ережеге сәйкес өзгеше пайдаланылмауы тиіс. Ұпайлардың қолма қол ақшалай көрінісі жоқ және Қатысушыға оларды ақшалай балама түрінде алуға құқық берілмейді.
4.15. Карта арқылы «Лидер» супермаркеттерінде сатып алу кезінде, Ұпайлар сатып алу күнінен бастап 3 (үш) күн ішінде Бонустық шотқа аударылады, бірақ есептен шығаруға сатып алынған күннен 14 (он төрт) күн өткеннен кейін қол жетімді болады.
4.16.Техникалық себептер (байланыс арналарының, серверлердің, электр қуатының өшірілуінің, жабдықтың және бағдарламалық қамтамасыз етудің техникалық және/немесе техникалық жарамсыздығының басқа жағдайларында) орын алған жағдайда Ұйымдастырушы Карта бойынша операцияларды уақытша тоқтата алады.
4.17. Егер сатып алу сомасы 100 (жүз) теңгеден көп болса, Бонус сомасы автоматты түрде жұмсалған сомаға сәйкес есептеледі.
- Ұпайлардың есептен шығарылуы
5.1. Ұпайлардың «Лидер» Бағдарламасының Ережелеріне сәйкес Картаны пайдалана отырып, тауарларды сатып алу кезінде жеңілдік ретінде пайдаланылуы, сондай-ақ Қатысушы Оператормен анықталған өзге де айырықша құқықтарға ие болуы Қатысушының сатушыға картаны ұсынуы арқылы жүзеге асады, және бұл жағдайда Тұтынушы Қатысушы ретінде тіркелуі тиіс.
5.2. Қатысушы Кассалық Түбіртектің жабылуына дейін «Лидер» супермаркетінің сатушы-кассиріне есептелген ұпайларды пайдалану ниеті туралы және тауарды сатып алу кезінде есептен шығарғысы келетін ұпайлар көлемі туралы хабарлауы керек. Сонымен қатар, алғашқы есептелінген ұпайлар бірінші ретте есептен шығарылады.
5.3. Ұпайлардың жарамдылық мерзімі, егер осы Ережемен немесе Акцияның ережелерімен көзделмесе, Бонустық шотқа есептелген сәттен бастап 12 (он екі) айға тең. Осы кезең аяқталғаннан кейін пайдаланылмаған ұпайлар алдын ала ескертусіз және оларды қалпына келтіру мүмкіндігісіз Қатысушының Бонустық Шотынан автоматты түрде есептен шығарылады.
5.4. Қатысушы «Лидер» супермаркеттерінде жеңілдік алу үшін тауарды сатып алу кезінде жинақталған Ұпайларын пайдалана алады. Бұл жағдайда жеңілдік мөлшері төмендегі есептеу негізінде анықталады: 100 (жүз) ұпай 10 (он) теңгеге тең.
5.5. Қазақстан Республикасының халықтық денсаулық және денсаулық сақтау жүйесі туралы заңдарында және Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңында көзделген ережелерге сәйкес, халықты темекі шегу мен алкогольдік тәуелділіктің, сондай-ақ әлеуметтік, экологиялық және экономикалық зардаптардың теріс салдарынан қорғау мақсатында темекі өнімдері, этил спирті мен алкоголь өнімдерін сатып алу кезінде Ұпайлар есептелмейді.
5.6. Қатысушы Карта мен сыйлық сертификатын сатып алған кезде ұпайлар есептен шығарылмайды.
5.7. Қатысушының Оператордан тауарларды сатып алу бойынша жеңілдіктерге арналған ұпайларын есептен шығаруы, осы Ережеде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген шектеулерді ескере отырып, тауардың өзіндік құнының 100% (жүз пайызын) қамтуы мүмкін.
- Карта бойынша тауарды қайтару
6.1. Картаны қолдана отырып, сатып алынған тауарларға кепілді қызмет көрсету – ауыстыру және қайтару Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
6.2. Тауарды қайтарған кезде осы тауар үшін есептелген Бонустар Картадан есептен шығарылады (жойылады). Егер қайтарылатын тауар үшін есептелген Бонустарды Қатысушы пайдаланған жағдайда Бонустық шоттан Қатысушының Бонустық шоты шеңберінде Бонустар есептен шығарылады, бірақ нөлден көп емес.
6.3. Егер Қатысушы тарапынан Операторға тауарларды қайтарып беру жағдайы орын алса, сатып алу үшін ұпайлар Қатысушының Бонустық есебінен Ережелерге сәйкес сатып алу жеңілдігі түрінде есептен шығарылған болса, онда бұрын Бонустық шоттан есептен шығарылған Ұпайлар тауарларды қайтару күнінде Бонустық шотқа кері есептелінеді.
6.4. Тауарды сатып алған кезде Қатысушының Бонустық Шотынан Ұпайлар Ережеге сәйкес сатып алу жеңілдігі түрінде шегерілген тауардың біреуі операторға қайтарылған жағдайда, Қатысушыға төленген бонустарды қайтару және есептелген сыйақылардың есептен шығарылуы (қолма-қол ақшамен төленген чек мөлшеріне бағаланған) сатып алудың барлық тексеруін жою Қатысушыға есептен шығарылған ұпайлары қайтарылып және Бонустық Шотқа аударылған ұпайларды есептен шығару (түбіртектегіқолма-қол ақшамен төленген мөлшеріне бағаланған) арқылы сатып алынған чек күшін жойып, қайтарылмаған тауарға есептелген және есептен шығарылған ұпайларды есептеу арқылы, жаңа чек сомасы шығарылады.
- Картаны ауыстыру және қалпына келтіру
7.1. Карта жоғалған/бүлінген жағдайда Қатысушы Сайт немесе Мобильді қосымшадағы Жеке кабинетінде немесе Жедел желіге қоңырау шалу арқылы Картаны жеке өзі бұғаттауы тиіс. Жедел желіге қоңырау шалған кезде, Қатысушы тіркеу кезінде көрсеткен жеке деректерін: аты-жөнін, туған күнін, телефон нөмірін, электронды мекен-жайын анықтауға міндеттеледі. Қатысушыны анықтағаннан кейін Оператор Картаны бұғаттауы тиіс. Картаны бұғаттау Қатысушының өтінішін алған күннен бастап, 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Қатысушы жинаған Бонус сомасы Картаны оқшаулау кезінде Бонустық шотқа жазылады. Картаны кері қалпына келтіру тек қана Жедел желіге хабарласу арқылы жүзеге асады.
7.2. Қатысушының Бонустық шотында жинақталған бонустық ұпайларын пайдалану үшін Қатысушының Бонустық шотына тіркелмеген жаңа Картаны байлау керек. Техникалық жұмыстар болмаған жағдайда, Қатысушы Сауалнамадағы Карта нөмірін жаңа Картаның нөміріне ауыстырған кезде, деректер автоматты түрде Қатысушының Жеке Кабинетінде жаңартылады. Оператор Сайтында және «Лидер» мобильдік қосымшасы бойынша техникалық қызмет көрсету кезінде, жаңа Картаны байланыстыру үшін Қатысушы 8-7122-755-000 телефонына қоңырау шалып, жоғалған Картаның және жаңа Картаның нөмірін хабарлауы керек.
7.3. Жоғалған Картадағы ұпайлар Картаның бұғатталғанына дейін есептен шығарылса, осы Ереженің 7.1-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес кері қалпына келтірілмейді.
7.4. Қатысушы Картасын бұғаттағаннан кейін Қатысушының бонустық шотынан бонустық ұпайлары есептен шығарылса, Оператор оларды қалпына келтіруге міндетті.
7.5. Жоғалған/бүлінген Қатысушы картасын қалпына келтіру мүмкін емес.
7.6. Қатысушыға ұсынылған Картаға сатып алынған уақыттан бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішіндегі кепілдік беріледі. Кепілдік кезеңінде механикалық әсер ету белгілері жоқ бос Картаны,сатып алынған түпнұсқа түбіртегін көрсеткен жағдайда, Оператор жаңасына ауыстырады.
7.7. Картада механикалық әсер етуші белгілер болған жағдайда (Карта бұзылған, деформацияланған, ластанған немесе басқа ақаулары бар), сондай-ақ Картаны жоғалтқан жағдайда Карта айырбастауға/қалпына келтіруге келмейді. Осы жағдайларда Қатысушы Ережелермен белгіленген тәртіпте жаңа Картаны алады.
7.8. Қатысушы тиісті сападағы картаны «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайтараалады.
7.9. Қатысушы сатып алмаған, бірақ Оператордан жарнамалық акциялар мен арнайы ұсыныстардың негізінде алынған тиісті сападағы карта қайтарылмайды.
- Өзге шарттар
8.1. Қатысушы «Лидер»Бағдарламасына тіркелу кезінде көрсетілген жеке деректердің анықтылығы мен дәлдігіне жауапты. «Лидер» Бағдарламасына тіркелу кезінде көрсетілген жеке деректерді өзгерткен кезде, Қатысушы Операторға Жедел желіге қоңырау шалу, Сайт немесе Мобильді қосымшаның Жеке кабинетінде деректерді өзгерту арқылы дереу хабарлауға міндетті. Операторға сауалнамада көрсетілген Қатысушының жеке деректеріндегі өзгерістер туралы хабардар етпеуіне байланысты жағымсыз салдарларға Қатысушы толығымен өзі жауап береді. Егер Қатысушы дербес деректерінің өзгеруі туралы хабарламаған жағдайда Ұйымдастырушы Деректер қорындағы Қатысушы деректерінің дұрыстығы үшін жауап бермейді.
8.2. «Лидер» Бағдарламасының ережелерін өзгерту жайында Сайт пен Мобильді қосымшаға өзгерістерді жариялау арқылы, Оператор кез-келген уақытта біржақты тәртіпте Бағдарлама ережелерін өзгерте алады. Оператор Ережелерге енгізілген өзгерістер туралы телефон арқылы қоңырау шалу және/немесе Оператордың қалауы бойынша электронды хабарлама, электрондық пошта немесе басқа тәсілдер арқылы Қатысушыларды қосымша хабардар етуге құқылы.
8.3. Картаның қауіпсіздігіне, сондай-ақ Картаға рұқсат етілмеген үшінші жақтың қол жетімділігіне байланысты барлық жауапкершілік Қатысушыға жатады. Оператор Пайдаланушы картасын үшінші тұлғалардың рұқсатсыз пайдалануына жауапты емес.
8.4. Егер Қатысушы:
— осы Ережелерді сақтамаған жағдайда;
— «Лидер» Бағдарламасы бойынша берілген кез-келген айрықша құқықтарды теріс пайдаланған жағдайда;
— Операторды жаңылыстыратын жалған ақпарат немесе мәлімдеме берсе Оператор кез келген уақытта біржақты тәртіппен Қатысушының Бағдарламаға қатысуын қандай да бір себептермен ескертусіз тоқтатуға құқылы.
8.5. Қатысушы Операторға «Лидер» Бағдарламасына қатысуды тоқтату туралы жазбаша түрде хабарлама жіберу арқылы кез-келген уақытта Бағдарламаға қатысуды тоқтатуға құқылы. Қатысушының «Лидер» Бағдарламасына қатысуы Оператордың Қатысушы туралы хабарламаны алған сәттен бастап тоқтатылады.
8.6. Қатысушы Жеке кабинетіндегі, сондай-ақ кассалық түбіртекте көрсетілген Қатысушының Бонустық шоты туралы ақпаратты жеке қадағалауға міндетті. Қатысушы түбіртектегі ақпараттың сәйкес келмейтіндігін байқаған жағдайда, сәйкессіздік анықталған сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде «Лидер» Жедел телефон желісіне хабарлауы керек.
8.7. Қатысушының Лидер бағдарламасына қатысуы тоқтатылған жағдайда, 8.4және 8.5-тармақтарында көзделген негіз бойынша Оператор «Лидер» Бағдарламасының ақпараттық жүйесінен Қатысушының деректерін жояды, бұрынғы жинақталған ұпайлары жойылады. Бұл жағдайда Қатысушы Оператордан қандай да бір, ақшалай түрде, өтемақы талап етуге құқылы емес.
8.8. Осы Ереженің 3.4-тармағына сәйкес Бағдарламаның талабын қабылдап «Лидер» бағдарламасына тіркелген Қатысушы Оператордан осы Ережелермен қарастырылған жарнамалық хабарламаларды алуға келісе отырып, олардан бас тарту құқығын өзінде қалдырады:
— Сайт немесе Мобильдік қосымшасының Жеке кабинетінде;
— Жедел желіге қоңырау шалу арқылы.
8.9. Оператор Қатысушыларды «Лидер» Бағдарламасын тоқтату немесе аяқтау сәтінен кем дегенде 30 (отыз) күн бұрын хабардар етіп, «Лидер» Бағдарламасын кез-келген уақытта біржақты тәртіпте тоқтата тұруға немесе аяқтауға құқылы. «Лидер» Бағдарламасын біржақты тәртіпте тоқтату немесе аяқтау жағдайында Оператор Қатысушылардың Бонустық шоттарында қалған Бонустық ұпайларын «Лидер» бағдарламасын тоқтату немесе аяқтау кезінде өтемейді. Қатысушылар Оператордан ұпайларын қолма-қол ақшамен немесе басқалай тәсілде қайтаруды талап етуге құқылы емес.
8.10. Оператор өткізетін Науқан ережелері туралы ақпаратты Сайттың арнайы бөлімдерінен таба аласыздар.
- «Лидер» бағдарламасы бойынша дауларды шешу
9.1.«Лидер» бағдарламасына қатысу аясында пайда болған Оператор мен Қатысушы арасындағы барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі.
9.2. Егер Оператор мен Қатысушы арасында туындаған дау келіссөздер барысында шешілмесе, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.