8-7122-755-000
Cеть народных магазинов "Лидер". Низкие цены всегда!

«Прилипуты» ынталандырушы жарнамалық науқанын өткізу ережелері

1. Ынталандырушы жарнамалық науқанның атауы — «Прилипуты» (бұдан әрі – Науқан).

2. Науқанды ұйымдастырушы – «Идеал Маркет» ЖШС, Заңды мекен-жайы: Атырау қаласы, С. Датов көшесі, 203 үй (бұдан әрі — Ұйымдастырушы).
3. Науқанды өткізу орны: «Идеал», «Лидер», «Лидер-Суперэконом», «Лидер-Гиперэконом» дүкендер желісі
4. Науқанды өткізу мерзімі — 15.09.19 ж.бастап 15.10.19 ж. дейін немесе соңғы сыйлыққа дейін.
5. Науқанның қатысушылары болып 5000 (бес мың) теңге және одан да көп сомаға қолма-қол ақшамен немесе дүкендерде науқан өткізу кезеңінде банк картасы бойынша бір жолғы сатып алған кез келген жеке тұлғалар бола алады.
6. Науқанды өткізу тәртібі:
6.1. Науқанға қатысу үшін дүкендер желісінде 5000 теңгеден кем емес сомаға тауарлар сатып алу қажет (№1-қосымша).
6.2. Сатып алушы кассирден чектегі әр 5000 теңгеге кассирден ойыншық (бұдан әрі — «ойыншық») алу мүмкіндігін алады.
7. Әр ойыншық жеке атаулары жазылмаған қаптамаға оралған, тек қаптамасын ашу арқылы сатып алушы ішінде қандай ойыншық бар екенін біле алады.
Инстаграм парақшаларында сөйлесіңіз: @ideal_supermarket, @lider_atyrau, @lider_uralsk, @lider_pavlodar, @lider_aktau және бір-біріңізбен ойыншықтармен алмасыңыз.
8. Сіз ойыншықтарды тек кассадан ала аласыз. Кассирден сұраңыз! Дүкендерде ойыншықтардың бар-жоғы жайында ақпаратты Жедел желі операторынан біле аласыз: 8 (7122) 755-000 (жұмыс күндері 9.00-ден 18.00 дейін).
9. Барлық коллекцияны жинаңыз – 24 ойыншық!
10. Ойыншықтарды 499 теңге тұратын альбом-ойынға жинаңыз. Оны сауда залынан сатып алуға болады. Альбомдар саны шектеулі
11. Науқан кезеңінде ойыншықтардың шексіз көлемін сатып алуға болады.
12. Науқандық тауардың саны шектеулі.
13. Науқанның Ұйымдастырушысы науқанның мерзімі мен механикасын өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Науқан кезеңінде әр дүкенде науқандық тауардың болатынына кепілдік берілмейді. Егер науқандық тауардың қоры сату орнында аяқталған жағдайда, науқан дәл осы тауарға мерзімінен бұрын тоқтатылады. Науқандық тауарлардың сыртқы түрі мен техникалық сипаттамалары жарнамада көрсетілген бейнелерінен өзгеше болуы мүмкін.

14. Науқанның өтуі, оның ұйымдастырушысы, өткізу ережелері, мерзімі, дүкендердің мекенжайлары, науқандық тауарды алу тәртібі жайлы толық ақпаратты Жедел Желі телефоны арқылы: 8-7122-755-000 немесе мына сайттардан http://www.idealmarket.kz, http://leader-stores.kz біле аласыз.

15. Науқанның жүлде қоры:
— «Прилипут» ойыншығы -300 000 дана;

16. Науқанға қатысу Қатысушының автоматы түрде осы ережелермен танысқанын және олармен келісуін білдіреді.

17. Ұйымдастырушы инстаграм парақшасында ақпаратты орналастыру арқылы Науқанды тоқтату құқығын өзіне қалдырады: @ideal_supermarket, @lider_atyrau, @lider_uralsk, @lider_pavlodar, @lider_aktau.

18. Ұйымдастырушы сатып алушымен туындаған дауларды орналасқан жері бойынша ҚР заңнамасына сәйкес шешуге міндетті.
18.1 Ұйымдастырушы қатысушының науқан шарттарын орындауын растау үшін осы Ережелердің 6.2-тармағына сәйкес қатысушы жинаған, науқан шарттарына сәйкес келетін сатып алуды растайтын кассалық чектерді сұратуға құқылы. Қатысушы сұратылған ақпаратты ұсынбаған жағдайда, қатысушы науқан шарттарын орындамаған болып есептеледі.
18.2 Ұйымдастырушы науқанды өткізу шарттарын өзгертуге құқылы.